Шымкентте учаскелік инспектор құрықталды

610

Шымкентте қорқытып ақша алған учаскелік полицей ұсталды. Әл Фараби аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, 35 жастағы полиция майоры полиция майоры пара алу кезінде құрықталған.

Ұсталған тәртіп сақшысы сауда орнының иесінен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін ақша алмақ болған екен. «Шымкент қаласының тергеу соты күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берді. ҚР ҚК — нің 366 бабы, 2-ші бөлігімен айып тағылуда»-деп хабарлайды Шымкент қаласының тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Құрықталған учаскелік инспектор темір жол вокзалы аумағындағы сауда дүңгіршегінің иесіне «спирттік ішімдікті заңсыз сатты және жасы кәмелетке толмағандарға алкогольді сусын сатты» деп айыптап, қоқан лоққы жасаған. Жәбірленушінің өзі тек рұқсат етілген тауарларды ғана саудалағанын айтып отыр.

 

Сауда нүктесінің қожайыны Ішкі істер органдарына да шағымданған. Шымкент қалалық ІІД ІҚБ-ның арнайы операциясы кезінде 9-шы қазан күні кешкісін учаскелік инспектор қолға түскен.

Жанар Есенбекова