Шымкентте жарылғышқа ұқсас зат табылды

354

Мұнара астынан жарылғышқа ұқсас зат табылды. Оны жұмысшылар ескі мұнараның түбін тазалап жатып, байқап қалған. Бірден құтқару жасағын шақыртты.

Оқиға басына ТЖД барлық қызметі, ІІД -нің де барлық құрылым өкілдері келді. Аумақ қоршауға алынып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Әзірге табылған заттың жарылғыш екенін дәлелдейтін мәлімет жоқ. Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне арнайы хат жолданды.

Ернар Балабеков