«Тарсылдақтан» зардап шеккендер баршылық

474

Жаңа жыл мерекесінде от шашудан зардап шеккен тоғыз балаға медициналық көмек көрсетілді. Ата-анасының бақылауынсыз қалып, жарылғыш-тарсылдақтарды өз бетінше ату кезінде бұл балалар әртүрлі дәрежеде жарақат алыпты. Жеңіл жарақатына байланысты сегіз бала үйіне қайтарылған болса, біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Пиротехниткалық заттан зардап шеккен балақайдың қазір жағдайы жақсарған дейді дәрігерлер.

Нұрдәулет Оралбаев, ОҚО балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері:

– 5 жасар науқас бала түсті, оны ата-анасы алып келді. Бөлімшеде тиісті емін қабылдап жатыр. Диагнозы жарылғыш заттан болған термиялық күйік, 1-2-3-ші дәрежелі, 2 пайыз , екі аяғы күйген. Жағдайы орташа ауырлықта. Тиісті емін қабылдап жатыр.

Есесіне биылғы жылы отшашудан ересектер тарапынан шағым болмапты. Облыстық көз аурулары ауруханасына жүгінгендер тек тұрмыстық жағдайда жарақат алғандар екенін айтады офтальмологтар.