80 мың турист келетін қос кесене

27

Биыл Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелері абаттандырылады. 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, бұл екі кесенеге 80 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар.

Азамат Нұрымбетов, Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы м.у.а.:«Аталған нысандарды дамыту бойынша жол картасы әзірленіп, сол жол картаға сәйкес жоспарлар жүргізілетін болады. Оның ішінде кесенелерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кесенелерге алып баратын жолдар күрделі жөндеуден өткізіледі. Сонымен қоса, Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабына алып баратын кіреберіс маңызды үлкен трассалар бар. Сол трассаларда жол сілтегіштерді орнатамыз. Автомобиль жол сілтегіштері де орнатылады»

Сайрам тұрғын алабында 7 республикалық тарихи мәдени нысан бар. 2021 жылы тек «Хызыр» мұнарасы абаттандырылған еді. Сала мамандарының сөзінше үшінші мегаполиске ең көп турист келетін кезең – наурыз айы.