Бүгінде Түркістан облысында сот саласында қанатқақты жобалар жүзеге асырылуда. Жуырда ғана құқықбұзған жасөспірімнің ісі бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен қозғалған Б.Н.-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған болатын. Аталмыш іс «Виртуалды сот» облыста алғаш рет қанатқақты жоба ретінде бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Әкімшілік материал бойынша құқық бұзушы Ордабасы ауданының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы мен құқық бұзушының смартфондарына орнатылған TrueConf қосымшасы арқылы тікелей қосылды.

Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Алдағы уақытта да аталған жоба сот саласында ұдайы қолданылып, өз тиімділігін дәлелдейтіні бек мүмкін.