«Қыс-2018» оқу-жаттығуы өтуде

303

Елімізде 1-2 қараша аралығында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс 2018» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

«Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, «Қыс-2018» оқу-жаттығуы аясында 2018 жылғы 2 қарашада республика бойынша ТЖ-ны жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамалармен практикалық әрекеттер өткізіледі.

«Қыс-2018» оқу-жаттығуы аясында елдің өңірлерде электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі. Осы іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» құлақтандыру бірыңғай дабылына әрекет ету тәртібін үйрету мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты сабыр сақтауға және үрейленбеуге шақырамыз», — дейді мамандар.