Қажымұқан атындағы орталық стадионында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі

124

«Қажымұқан атындағы орталық стадионында» «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Қажымұхан атындағы орталық стадионының жалпы 18063 отыру орыны бар, жалпы сыйымдылығы 20000 адам. Эвакуациялық шығу есіктері – 22 және автокөлікпен кіру есіктері 4. Орталық стадион 4 трибунадан тұрады: Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығыс. Орталық стадионның жалпы көлемі 15726 м2, стадионның әкімшілік ғимараттары 3 қабатты А және В корпустарынан тұрады.

Орталық стадионның батыс трибунасының төменгі бөлігінде қонақ үй қарастырылған және киім ауыстыру, жаттығу залы, футбол алаңы бар. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуының мақсаты: «Шымкент-ТМД елдерінің мәдени астанасы» салтанатты ашылуы рәсімі барысында адамдар жаппай жиналатын обьектіде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі практикалық дағдыларын, шартты өртті сөндіру тәсілдерін пысықтау, өртті сөндіру бойынша басшы құрамның дағдыларын жетілдіру. Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Шымкент қаласындағы, Мәделі қожа көшесіндегі «Қажымұқан» орталық стадионы қонақ үйінің асхана бөлмесінде өрт орын алады. Газ құрылғысының ахауынан асхана бөлмесінде газды ауа қоспасының жиналуынан жарылыс орын алып, жарылыстың салдарынан ғимарат зақымданып, орталық стадионның батыс трибунасына, жоғарғы қабатқа және қонақ үй бөлмелеріне қауіп төнеді. Орталық стадион қызметкерлері «101» қызметіне хабарлайды.

Өрт-тактикалық жаттығу орнына №2 жоғары «БИС» шақырылым бойынша күштер мен құралдар гарнизонның шығу кестесіне сәйкес жөнелтілді. Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электр желісі обектінің электриктері тарапынан өшірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Шартты өрттің жалпы көлемі 120 м2 құрады. Оқу-жаттығу жиынына Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нің 10 негізгі және 5 арнайы бірлік өрт сөндіру техникасы, офицерлік құрамы, Шымкент қаласы ТЖД-ның, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, 102 қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылады.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ» ММ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы