Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында №24 мектеп-лицейінің Саттар Ерубаев атындағы 2 сынып оқырмандарымен «Балдырған» журналының тұңғыш рет жарыққа шыққанына 60 жыл толуына орай «Балдырған» — біздің досымыз» атты Басылым күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқулықтарына көмекші болып, өсіп келе жатқан қазақ ұрпағына өз ана тілінің мәйегін сіңіру, өз ұлтының әдебиет арқылы келетін қайталанбас құндылықтарымен сусындату болып табылды.
Шара барысында библиограф М.Алиева шыға бастағанына жарты ғасырдан асқан «Балдырған» журналы – еліміздегі бірден-бір бүлдіршіндерге арналған көркем, суретті, әдеби басылым екені және де былтырғы жылғы журналдың екінші санынан бастап ұлы жазушы М. Әуезов және ақындар Ә. Дүйсенбиев пен Қ. Мырзалиев балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерінің жарық көре бастағаны туралы да қысқаша тоқталып өтті.
Оқырмандар осы басылым бойынша өлең-тақпақтарын жатқа айтып, сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Бұл журнал әрбір бөбектің қолында болсын демекпін!» атты көрмесіне шолу өткізілді.