“Бозарық” елді мекенінде көпқабатты нысандар салынады. Бұл туралы бүгін қала аумағында бой көтеретін құрылыстар туралы өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды. Сәулетшілер көпшілікке “Бозарық” шағынауданының архитектуралық жобасын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Алдағы уақытта елді мекенде халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелер мен бизнес орталықтары көбейгелі тұр. Сондай-ақ, “жылдан жылға халық саны артып отырған шағынауданда бала бақша мен емхана салынатын болады” дейді мамандар.
Сондай-ақ сәулетшілер депутаттарды миллионды мегаполистің инфрақұрылымдық жүйесіндегі жаңалықтардан хабардар етті. Халық қалаулылары да жобаларды қарап шығып, ұсыныстарын білдірді.
Мақпал Рысбаева