«Фараби оқулары» байқауы өтті

619

Шымкент қаласында «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Руханият – Әбу Нәсір Әл-Фараби музейінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет облыстық деңгейде дәстүрлі «Фараби оқулары» байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты – бүгінгі күнмен үндесіп жатқан ұлы дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру. Байқауда өлкетанушы, әдебиеттанушы, этнограф Абдулла Жұмашев, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, К.Айдарбекова, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» мекемесі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек Шаймерденұлы, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы З.Жантасова әділ қазылық етті.

Байқауға Түркістан облысының аудан- қалаларынан 16 үміткер қатысты.Байқау қорытындысы бойынша Әбу Нәсір әл- Фараби бабамыздың шығармаларын жете түсініп оқып оны көпшілікке жеткізуде ерекше қабілетін көрсете білгені үшін Отырар ауданынан қатысқан Совет Аяулым Әбдіқасымқызы үздік деп танылып 1-орынды иеленді .Жеткіншектерді байқауға дайындаған жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды.