Hyundai Өзбекстанда автозауыт құрылысын бастады

276

Өзбекстанда Hyundai-Namangan KD автозауытының құрылысы басталды. Мұнда автобустар мен ауыр жүк көліктері құрастырылады. Бұл туралы gazeta.uz газетіне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.

Салтанатты рәсімге Hyundai Motor компаниясының ауыр жүк көліктер бойынша президенті Ли Ин Чеол, Posco Daewoo вице-призенденті Ли Санг Хун, Evergreen Motors компаниясының президенті ( ТМД-дағы KIA мен Hyundai көліктерінің ресми дистрибьюторі) Ким Чанг Кён, Өзбекстандағы Корея Республикасының елшісі Квон Ён У мен Өзбекстанның билік өкілдері қатысты.

Наманган облысында орналасқан зауыт ауыр және жеңіл жүк көліктерін, автобустар мен шағын автобустарды құрастыруға маманданады. Hyundai-Namangan KD алғашқы техникасын 2019 жылдың күзінде шығаруды жоспарлап отыр.