«Тұран» шағынауданында 13 көшенің құрылысы жүргізіліп жатыр

38

Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі «Тұран» шағынауданында бүгінде барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов мердігер мекеме жұмысымен танысты.

Көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелерін талқылады. Биылғы жылы № 2, 6, 8, 10 – барлығы 4 көше пайдалануға берілмек.

«Отау-строй» ЖШС тарапынан № 2 жол жұмыстарының 95 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС № 6 жолдың 92 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9 көше құрылысы 2022 жылға өтпелі болады дейді сала жауаптылары.

Ал Мәулен Айманбетов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасына қатысты және жұмыстардың мерзімінде атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір Ибадуллаева