«IZGILIK» атты тегін дүкен ашылды

928

Қатыгездеу қоғамда ізгілік нұрын шашқан жандар баршылық. Мұқтаж жандарға қол ұшын созбақты құп көрген «Атымтай жомарт» Шымкенттің төрінен «IZGILIK» атты әлеуметтік дүкен ашты.

Асхат Әбдіжәмілұлы «Ізгілікте жарысайық» атты қайырымдылық қоры жанынан ашқан дүкеннен мұқтаж жандар қажетті дүниесін ала алады. Ашылу салтанатынан соң қаншама қамкөңіл жандар қажетті жылы киім мен азық-түлігін ала кетті.

Бәрі де тегін. Өзгеге қарайласқанды азаматтық парызы, қарызы санайтын жандар осында қажетті заттарды әкеліп өткізсе болады. Өзгенің алғысын арқалап, сауапқа кенелгіңіз келсе, Елшібек батыр көшесіндегі 88 үйге ат басын бұрсаңыз болады.

Тек киім кешек таратып қана қойма көмірі жоқ отбасыларға да, мамандық аламын деген жандарға да арнайы қарайласып жатқан жәйі бар. Ізгілік жасап жарысайық, ағайын!