«Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды»

908

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары «Эра» серіктестігі еріктілер ұйымының төрағасы Рахат Арғынбай және осы ұйымның директоры Биғали Әбдіқұл:

     – Жастар жақсы істің әрдайым бастамашысы. Еріктілер ұйымы қайырымдылық жасауға бағытталған. Жастар ұйымдары бізде көп. Ұйым қашан ашылды? Қалай жұмыс істеп жатырсыздар?

     – Ұйым осыдан 3 жыл бұрын ашылған болатын. Бастапқыда 30-40 адам шамасында болатын. Бүгінгі таңда 500-ден аса мүшеміз бар. Осыншама адамның басын қосу қиын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтында Нұрлыбек Асылбай ағамыздың үлкен күш-жігерінің арқасында бастау алса, одан кейін таралу аймағы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы, ОҚМУ студенттері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Еріктілер деген кімдер, олардың қоғамға қандай пайдасы бар деген сынды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Қайырымдылық жасайтындар аз емес, оны ұйымдастыратындар аз» деген сөз бар. Түсіндіріп бастаған соң жастар қолдау білдірді. Облыстық деңгейде танылуының себебі 21 жоғары оқу орындарының студенттері, Түркістан қаласындағы оқу орындарында, содан кейін Сырдария универститінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқа аймақтардан да шығып жатыр. Бүгінгі қоғамда еріктілер туралы түсінік енді қалыптасып келеді.

     – Көмекке мұқтаж жандар тек қалада ғана емес, ауыл-ауылдарда да аз емес. Ауылдарда жастардың еріктілерге деген көзқарасы қандай? Қарттар күніне орай сыйлық тапсыру деген сиқяты шаралармен шектеліп қалып жатқан жоқ па?

     – Жастардың арасында «еріктілерге қандай пайдасы бар, азаннан кешке дейін жүргенде қандай пайдасы бар?» деген сауалдар туындары хақ. Әлеуметтік желілер арқылы көмек көрсете аласыздар ма деген ұсыныстар түсіп тұрады. Еріктілер барынша көмек көрсетеді. Бір қарағанда еріктілер қолы бос адамдар болып көрінуі мүмкін. Дегенмен біздің ішкі аудиторияға кіргеннен кейін олардың көзқарасы өзгереді. Қоғамға пайдасы тиетін мықты жастарды тәрибелеп шығу басты мақсатымыз. Мықты саясаткер болуы мүмкін бірақ жақсы адам болмауы мүмкін. Ал жақсы адам барлық салада жетістікке жетуі мүмкін.

    – Сіздер ұйымдастыратын шаралар кімдерге арналады?

    – Көмегіміз әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналады. Әлеуметтік желіде денсаулығына байланысты көмек сұрайтындар баршылық. Олардың жағдайы бізді бей-жай қалдырмайды. Бүкіл ұйым бір адаммен ғана шектелмейді. Айына 3-4 адамға көмек көрсетеміз. «Оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» дегендей барынша қолдау көрсетеміз.

    – Әлеуметтік желінің артықшылығын барынша пайдалана алып отырсыздар ма?

    – Әлеуметік желіде топтарымыз бар. Ол топтарда қаншалықты жәрдем бере алатынымызды зерделейміз. Студенттердің отыратын топтары бар, одан бөлек барлық ЖОО-ның топтарына таратамыз. Үлкен жиындарда осы мәселе талқыланады. Өздері басшылыққа алады.

  – Ірі көлемде қандай қайырымдылық шараларын өткіздіңіздер?

   – Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Көлем бойынша айтатын болсақ «Жомарт жүрек» деген қайырымдылық шарасы өтті. «Имран» сауда орталығының алдында. Үлкен қаржы керек болды. Еріктілер Шымкент қалалық ресурстық орталығымен байланысқа түсіп қажетті қаржыны жинап берді. «Достық» шағын ауданында №69 мектепте «Мейірім» атты орталық аштық. Абзал Үбелтаев қолдау білдірді. Мектеп директоры арнайы кабинет беріп, гардероб орналастырып берді. Киюге жарамды киімдер, жұмсақ ойыншықтар, кітаптар бар, қажет еткен адамдар өздері алып кете алады.