Сарыағаш қаласы «SMART CITY-Ақылды қала» жобасында

556

Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу жиыны өтті. Жиынға «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Түркістан облысының Цифрландыру орталығының» директоры А.Жангулов, директордың орынбасары С.Сембиев, аталған орталықтың бас менеджері А.Сүлейменов және Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова, ауданның бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Аталған жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласында «Smart city — Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Мұның басты мақсаты — тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі