Тәртіптік кеңесте Сарыағаш қаласы әкімінің ісі қаралды

505
Тәртіптік кеңес
Тәртіптік кеңестің отырысы

Облыстық тәртіптік кеңестің 2015 жылғы соңғы отырысы өтті. Онда Сарыағаш қаласының әкімі Баймырза Омаровтың ісі қаралды. Көшелерді жарықтандыру, бағаналар тарту мен балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстарына сатып алу конкурсын өткізуде шенеуніктің шикі тірлігі анықталған. Әкімнің қызметтігіне сәйкестігін қарау аудан басшысына жолданды.

Тәртіптік кеңес
Тәртіптік кеңестің отырысы

Бұдан соң Әл Фараби аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Клара Бекбосынованың да ісі қаралды. Прокуратураның тексеруі барысында қаладағы мал сою бекеттерінің біріндегі жұмысты тоқтату шешім мерзімінде орындалмағаны анықталған. Жеке кәсіпкерге артықшылық көрсетіп, өзінің ісін одан әрі жалғастыруға жол берілген. Алайда бұл шешіммен кеңес мүшелері келіспеді.

Түркістан қалалық тұтынушылар құқықын қорғау басқармасының басшысы Әзімхан Омаровтың ісі де айтылды кеңесте. Ол қаладағы балабақша ғимаратының санитарлық талапқа сай деп құжатқа қол қойған. Алайда тексеру барысында олай болмай шығыпты.