Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз xатшысы «Отырар» медиахолдингінің басшысы болып тағайындалды

347

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың кеңесшісі әрі әкімдіктің баспасөз хатшысы Әйкерім Жұмағұлова енді  «Отырар» медиаxолдингіне басшы болып тағайындалды.

Айкерім Жұмағұлова – жоғарғы білімді, 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің Коммуникация орталығы мониторинг қызметінің жетекші сарапшысы лауазымынан бастаған (2012).

Мониторинг қызметінің, болжамдау және мониторинг қызметтерінің бас сарапшысы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі коммуникация қызметінің бас сарапшысы болып, (2012-2015 жж) қызмет атқарды; ОҚО әкімдігінің баспасөз-хатшысы болды (12.2015 – 08.2016).

Одан кейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болып, кейін қала әкімдігінің баспасөз xатшысы болды.

«Отырар» медиахолдингінің жетекшісі қызметіне тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы – әкімдік аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс істеді.