Шымкентте дәрігерлер сауда орталығында ашық есік күнін өткізеді

418

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен 20 қараша күні «Shymkent plaza» сауда орталығында акция өтеді.

Бұл күні сауда орталығында кардиолог, педиатр, офтальмолог, терапевт, эндокринолог дәрігерлері тегін медициналық кеңес береді. Шара кезінде ақ халаттылар глюкозаның мөлшерін анықтап, қажетті жағдайда мамандар медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, шара кезінде Шымкент жоғары медицина колледжінің студенттері жедел медициналық көмек реанимациясын көрсетіп береді. Ең бастысы қала тұрғындарына тегін кепілдендірілген медициналық көмек және медициналық сақтандырудың маңыздылығы туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Акция соңында қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Салауатты өмір салтын бағыттауға арналған шара сағат 15.00-ден басталып 18:00-ге дейін жалғасады.