Шымкенттің жас каратешілері жарады

355

Португалияда каратэ-до шотакан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны 12 алтын, 2 күміс және 10 қола жүлдемен толықты.  Жеңіс тұғырынан көрінгендердің қатарында Шымкенттің каратешілері де бар.

 Анзордың жасы 6-да, ал Джаноб 8 жаста. Екі жеткіншекті туысқандары әуежайдан қуанышпен күтіп алды. Өйткені жігіттер әлем чемпионатында карате-до шотокан бойынша ел қоржынын толықтырды. Кішкентай жеңімпаздардың еншісінде 3 алтын және 4 қола медаль бар. №1 спорт мектебінің тәлімгерлері жүлделерін тим куметэ, куметэ, ката, тим ката бағдарламалары бойынша иеленді.

Анзор Гафуров: «Каратэмен шұғылданып жатқан кезімде өзімді қара күштің иесі деп білемін және сол арқылы барлық қарсыластарымды жеңемін. Бұл жолы да чемпионатта жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда да тек алтын иелену үшін дайындыққа қайта кіррісемін. Көп жаттығуым керек».

Португалияда өткен каратэ-до шотакан бойынша чемпионаты әлемнің түкпір-түкірінен 1000-нан аса спортшылардың басын қосты. Дүбірлі додада 5 пен 80 жас аралығындағы қатысушылар күш сынасты. Ал жарыстың өзі 4 бағдарламаны қамтыды. Олар: ката, куметэ, командалық куметэ, командалық ката, микс ката. Ал Қазақстанның намысын 20 каратеші қорғады.

Гулнар Төлегенова, «КАРАТЭ «Томирис» каратэ клубының жетекшісі: «Жарыс соңғы минуттарға дейін тартысты өтті. Орта қызды. Куметэ деп аталатын бағдарлама бойынша біздің каратешілер соңына дейін қарсыластарына дес бермей, шабуылдаудан тынбады. Нәтижесінде осы бағдарлама бойынша барлық алтынды иеленіп кетті. Жарысқа басқа елдердің спортшылар мықты дайындықпен келген, десе де біздің тәлімгерлер олардан да озық шықты. Үмітімізді ақтады».

Сонымен Әлем чемпионатынан оралған Қазақстан құрамасының қоржынында 12 алтын, 2 күміс және 10 қола жүлде бар. Жаттықтырушылардың сөзінше бұл өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен спортшылар мұнымен шектелмейді. Оларды алда каратэ-до шотокан бойынша 2019 жылы Лондонда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтық күтіп тұр.

Әлия Әділбек