Келес ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында уәкілетті органдардың қатысуымен көлік құралдары тексеріліп, салық берешегі мен әкімшілік айыппұлдарын уақытылы өтемеген автокөлік иелері анықталды. Рейдтің негізгі мақсаты – азаматтардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету, берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.
Жауапты мекемелер тұрғындарды салықтар мен әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуге шақырады. Өз міндеттемелерін уақытылы орындау – заң талаптарын сақтаудың және қоғамдық тәртіпті нығайтудың маңызды тетігі болып табылады.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.







