Сіріңке қорапшасына салынған марихуана табылды

616

Қазан айында жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында сіріңке қорапшасына салынған өсімдік тектес есірткі заты табылды.

Сараптамаға сай тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 4 грамды «марихуана» болып шықты. Бұл жәйт бойынша ҚР ҚК-нің «заңсыз есірткі айналымы» 296 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.

Екі күн откеннен кейін тағы бір Келес ауданының тұрғынынан жедел іздестіру барысында есірткі бумасы табылды. Сараптамаға сай есірткі затының жалпы салмағы 90 грамды құрайды.

Қазіргі таңда бұл жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД-нің Баспасөз қызметі