Марихуана шегіп көлік тізгіндеген шымкеттік бейнебақылау камераларына түсіп қалған

39
фото Шымкент ПД

 

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio-ны патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты.

 

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, жолын жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен. Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.