Шымкенттік жолаушыдан 5 қап марихуана табылды

108

Шымкент тұрғынына 5 қап марихуана тәркіленді. Күдіктіні түркістандық полицейлер ұстаған.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі мөлшердегі есірткіні заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті. Тәртіп сақшылары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 601 шақырымында «Форд Фокус» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жедел уәкілдер көліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 қапты  тәркіледі.

Алынған заттар сараптамаға жіберілген. Оның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 80 келіге жуық марихуана есірткісі екені анықталды.

Полиция мәліметінше, күдікті бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.