Жаяу жүргінші жолағында келе жатқан үш студентті қағып кетті

288

3 қараша күні кешкісін Түркістан қаласындағы университет аумағында жол-көлік апаты орын алды. «Нексия» автокөлігінің егде тартқан жүргізушісі жол көлік қозғалысын өрескел бұзып, жаяу жүргінші жолағымен келе жатқан ЖОО-ның үш студентін қағып кетті.

Жәбірленушілер әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Түркістан облысы ПД анықтаушыларымен көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі