Қазақстанда неліктен банктік шотта ақша сақтағаны үшін сыйақы берілмейтін болды

256
stan.kz

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарға ағымдағы шоттағы қаражатты пайдаланғандары үшін сыйақы төленбейтін болды. Азаматтық кодекстегі тиісті өзгерістер шілде айында қабылданған болатын, бірақ Қазақстан халқы оны кімнің бастамасымен және не себепті қабылданғанын әлі білмейді.

Бұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Банкте сақталған ақшаны пайдаланғаны үшін банк айқындаушы шарт бойынша қандай да бір мөлшерде және тәсілмен сыйақы төлейді» деген Азаматтық кодекстің 751-бабына түзетулер енгізіліп, екі бөлікпен толықтырылды.

Сол бөліктерге сәйкес, банкте сақтаған ақшаларын пайдаланған қазақстандықтарға енді бонустар төленбейді. Ал төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырғандары үшін қаржы мекемесі клиенттермен есеп айырысу келісімшартында олармен келісілген соманы төлей алады.

Ұлттық банк бұл ереже банктердің пайдасына қабылданды деп санайды, өйткені олар сыйақыны өз қаражаттарынан төлейді. Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, бұл шара олардың өтімділігін сақтауға көмектеседі.

«Мұнда бір жағынан, қайтарылмау қаупі бар. Ал екінші жағынан – кез келген уақытта алынуы мүмкін активтерге сыйықы төлеу. Тиісінше, бұл кепілдік беру жүйесіне, қайтарымдылыққа қос қауіп болып табылады. Егер сыйақы алғыңыз келсе, онда депозиттерге қызмет көрсету жүйесінің өзгеріссіз қалғанын ұмытпаңыз. Сондықтан қаражатты депозитке салған тиімдірек»,- дейді Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының сарапшысы Руслан Ұшырбакиев.