Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2018 жылғы 12 және 26 желтоқсан күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін қала әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақтауын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзуының алдын алуды қамтамасыз етеді, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді. Қабылдауға қала әкімі аппаратындағы 24-70-50 телефоны арқылы алдын ала жазылуға болады.
Қабылдау кестесі:
Әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Қабылдау мекенжайы: Шымкент қаласы, Астана даңғылы, №10, №410 кабинет. Тел: 8 (7252) 24-70-50.
shymkent.gov.kz