Абай ауданының әкімдігі «Аналар үйіне» көмек көрсетті

433

«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн!» акциясы аясында Абай ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен «Аналар үйінде» өмірлік қиын жағдайға түскен аналарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді.

Арнайы психолог мамандар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан кеңестер беріп, тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерге қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, акция аясында демеушілер есебінен аналарға және балаларына сый-сияпаттар мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар табыс етілді.

Жалпы, Шымкент қаласында қиын жағдайда түскен аналарға қолдау көрсететін 2 «Аналар үйі» орталығы бар, бүгінгі күнде орталықтарда 15 ана нәрестелерімен паналап отыр.

«Аналар үйі» орталығының мақсаты – жүкті аналардың өз баласынан бас тартуын болдырмау және әлеуметтік жетімдікке жол бермеу болып табылады. Аналар орталықта 6 ай бойы тұрады. Олардың бірі отбасыларына оралса, кейбірі жаңа өмір бастайды.

Лаура Нақыпқызы