«Бала зорлығы – қоғам қасіреті» тақырыбында семинар өткізілді

806

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда «Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқанының аясында ата -аналарға арналған «Бала зорлығы – қоғам қасіреті» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық – зомбылық мəселелеріне аудару, қатігездікке төзбеушілік қарым – қатынасын қалыптастыру, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сақтау, ата -аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп – гимназияда өткен бұл шара Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылып, әрі  «Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқанының аясында ұйымдастырылған.

Семинар аясында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тəрбие сағатының барысында 20 қараша 1989 жылы «Бала құқықтары туралы» Конвенция жəне 8 тамыз 2002 жылы шыққан «ҚР бала құқықтары туралы» Заңы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жанар Есенбекова