Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қабылдануына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі жасанды интеллект: теория және тәжірибе проблемалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара онлайн және офлайн форматта өткізілді, ол құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және инновациялық технологиялардың азаматтық сот өндірісіндегі рөлін зерттеуге бағытталды.
Шымкентте ұйымдастырылған семинардың негізгі мақсаты — ғалымдар мен тәжірибелік мамандарды құқықтық мәселелерді ашық талқылауға, тәжірибе мен идеялармен алмасуға ынталандыру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын азаматтық процесте қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағын айқындау болды.
Шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің сот өндірісіндегі рөлін, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін, заңнамадағы мәселелерді және практикалық қолдану аспектілерін талқылады. Бұл өз кезегінде сот жүйесін жетілдіруге және құқықтық қатынастарды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдар болды. Болашақта да осындай ғылыми-тәжірибелік кездесулер жалғасын табады деген сенім бар, себебі жасанды интеллект сияқты инновациялық технологиялар құқық саласының дамуына зор үлес қосуда. Семинардың мақсаты — ғалымдар мен тәжірибелік мамандарды өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға тарту, тәжірибе және идеялармен алмасу, азаматтық процесте жасанды интеллектті қолданудың үрдістері мен перспективаларын талқылау. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура, сот орындаушылар мен заң консультанттары қатысты.







