Жастар мен шығармашылық кәсіпкерлікті ілгерілету. Бүгін Шымкентте аталған бағытты негізге алған «Бизнес-жастар» шарасы өткізіліп жатыр.
«НұрОтан» партиясының Шымкент филиалының кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесі мен «Shymkent» ӘКК бірлескен шарасында кәсіпкерлер және түрлі компаниялардың басшылары жастармен пікірлесіп, өз идеяларын, жаңа жобаларын ұсынуына мүмкіндік берді.
«Ең алдымен, қадыптасып қалған ескі стереотиптерден арылу керек» дейді мамандар. Жастардың көбі кәсіпкерлікті сауда саттық деп қана түсінеді. Ал инновациялық бағыттарды қолдану кемшін. Бұл кезде мемлекеттен дәл осындай жобаларға гранттар қаралған. Аталған мәселелер талқылау алаңына айналды.