«Shymkent» ӘКК АҚ-ның ұжымы жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды

170

Бұл туралы «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов Фейсбук парақшасында жазды.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгін Арыс әскери бөлімінде жарылыс болды. Тұрғындар эвакуацияланды. Бірнеше зардап шеккендер бар, олар ауруханада. Бұл қиын уақытта біз отандастарымызды қолдауға тиіспіз.

«Shymkent» ӘКК АҚ-ның барлық ұжымы зардап шеккен отбасылар мен Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды. Сіздерді де сауапты бастамаға қосылуға шақырамыз. Жұмыла жұдырық болайық!» делінген Рашид Аюповтың Фейсбуктегі парақшасында.