Димаш Құдайберген «Титаник» филіміндегі «My Heart Will Go On» хит әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Димаш Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан кинофестивальде атақты Селин Дионның орындауындағы «My Heart Will Go On» әнін сахнаға алып шықты.
«Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдің қызыл кілемінде. Хайнань.», — деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Сондай-ақ, ол «Сахна — менің жаным демалатын орын», — деді. Еске салсақ, Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалында қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады. Біз бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің биылғы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.