Димаш Құдайберген қазақша рэп орындап, жанкүйерлерін таңқалдырды

548

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Idol Hits шоуында тыңдармандарын тағы бір талантымен тәнті етті. Жобада, сахнаның төрінде «Screaming» әнін орындап, арасында ана тілінде рэп оқыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Idol Hits – Қытайдың iQiYi платформасына шығатын жұма күнгі музыкалық жобасы. Алғаш рет 2018 жылдың 7- қыркүйегінде басталған. Димаш 21-қыркүйек күні өнер көрсетті.

Видеода қазақ тіліндегі рэп 2.14 минуттан басталады. Бұл видео YouTube арнасында жарық көрісімен, әншінің жанкүйерлері өз таңданыстары мен жағымды пікірлерін жарыса жазып жатыр. Әдетте, академиялық бағыттағы шығармаларды шебер орындайтын Димашқа ақжарма тілектерін жаудырып, тосынсый үшін алғыстарын да білдірген. Және видеоның желідегі қаралымы күн емес, сәт санап артуда.

Айта кетейік, биылғы жылдың 23-мамырында әнші  «Screaming» әніне алғашқы бейнебаянын түсірді. Музыканы Рианна, Ашер, Шакира және өзге де әлемге әйгілі эстрада жұлдыздарымен жұмыс істейтін танымал композитор Muhgal жазған-ды.