Мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты бақылауда

280

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев брифинг өткізді.

Брифинг барысында Ғалым Тұрсынбаев «Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасына жағымсыз әсер ететін мемлекеттік органдардағы артық жұмыс жасауын ерекше назарға алғанын» атап өтіп, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында негізсіз қалуы, демалыс және мереке күндері жұмысқа шығу фактілерін анықтауға байланысты жүргізілген сауалнама мен рейдтік шаралардың нәтижесіне тоқталып өтті.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде облысымыздың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің 22%-ы жұмыс күні аяқталғаннан соң жұмыста қалатындығын көрсеткен, ал, рейдтік іс-шараларда бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмыс уақытысы 19.00-де аяқталса да жұмыста қалатыны анықталды.
Осы орайда, қызметкерлердің жұмыста қалып үстеме жұмыс атқаруына жол берген мемлекеттік орган басшыларының іс-әрекеттері алдағы уақытта Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралатын болады.

Департамент тарапынан облыс орталығында ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар қазіргі таңда аудан, қалада арнайы мониторингтік топ мүшелерімен жүргізілуде.
Жиын соңында Департамент басшысы қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған, яғни қызметшілерінің үстеме жұмыс атқаруына жол берген басшылар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын айтып қорытындылады.