Түркістан облысының ХҚО-лары жұмыс кестесі өзгерді

310

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 06 маусымдағы №23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 қаулысына сәйкес Түркістан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.

Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.

Ал облыс орталығы Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 16.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтарға барған кезде сақтық шараларын сақтау – медициналық маскалар, қолғаптар кию, сондай-ақ бір-бірінің арасындағы қашықтықты сақтау қажет.

 

QAINAR KÓZ«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі