«Пиротехника» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде

811

2018 жылдың 18 желтоқсаны мен 2019 жылдың 3 қаңтар аралығында жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысында «Пиротехника» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты заңсыз тасымалды анықтау және жолын кесу, азаматтар мен тұлғалардың пиротехникалық заттарды тұтынуын болдырмау, сертификатсыз пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Аталған рейдтік іс-шараға әкімшілік полиция қызметкерлері,
ТО ПД-нің жергілікті полиция қызметі мен басқа да қызметтердің өкілдері қатысты.

Тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу, сақтау және пайдалану жайттарын анықтау мақсатында күнделікті жасырын сауда орындарын, базарлар мен сауда нүктелерін тексеруде.
Құқықбұзушылық анықталған жағдайда тәртіп сақшыларымен әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған құжаттар сотқа жолданатын болады.

Сонымен қатар, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер халық арасында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді алмауға және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ескертпе қағаздарын таратуда.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына отшашу мен басқа да пиротехникалық заттарды пайдаланғанда қарапайым қауіпсіздік шараларын пайдалануды еске салады. Балалар мен үлкендер арасындағы жарақаттанудың алдын-алу және болдырмау, жасөспірімдердің пиротехникалық заттарды қолданбауын бақылау, сондай-ақ пиротехникалық өнімдерді лицензиясы бар арнайы сауда орындарынан алуға кеңес береді.

ТО ПД Баспасөз қызметі.