Шетелден «Сыбаға» бағдарламасымен ет бағытындағы мал әкелінді

450

Жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасымен сатып алынған мал Батыс Қазақстан облысына әкелінді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» жеңілдетілген несие алған «Арғымақ» шаруа қожалығы Тамбов облысынан 60 симментал тұқымды мал басын Тасқала ауданына әкелді, деп хабарлайды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеуді жалғастыруда. Оның ерекшеліктері қандай? Біріншіден, қомақты сома — 70 млн. теңге, 15 жылға дейін несиелеу мерзімі, пайыздық үстемесі 4 % дейін (субсидиялауды есептегенде). Тиімді жылдық үстеме 4,1% бастап бекітілген.

Асқар Ликеров, «Арғымақ» ШҚ басшысы:
— Шаруаларға арналған көптеген қолдау бағдарламалары бар, ең бастысы – олар туралы хабардар болу, жаңалықтарды білу қажет. Мен жазда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүзеге асырып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы туралы естідім. Бұл — малдың санын көбейтуді қарастыратын бағдарлама. Несие тез рәсімделіп, бізге 70 млн теңге берілді. Пайызы төмен, мерзімі ұзақ, 2,5 жылға дейін жеңілдетілген мерзім қарастырылған. Бұл ақша біздің шаруа қожалығымызға үлкен көмегін тигізді.
Бұған дейін «Арғымақ» ШҚ-да 100 жылқы мен еділбай тұқымды 700 жуық қой бар еді. Енді тиімді мал шаруашылығын дамытуды бастап, симментал тұқымын таңдады. Осылай, Ресей Федерациясының Тамбов облысынан 60 бас сиыр сатып алды. Бұл – жас аналық мал басы, ұрықтандырылған, сондықтан алдағы көктем-жазда бірінші төл күтілуде.

Симментал тұқымды малдан ет және сүт өнімдерін алуға болады. Асқар Ликеров малды ет бағытында пайдалануды жоспарлап отыр. Себебі, бұзаулар күніне 1 килограммнан салмақ қосады, ал бір жарым жастағы бұқашықтың салмағы 400 кг дейін жетіп қалады. Тірі салмақтың 60 % дейін – таза ет. Келісімге сәйкес, бұқалар «Қамқор» шаруа қожалығына тапысырылатын болады.

Асқар Ликеров, «Арғымақ» ШҚ басшысы:
— «Сыбаға» бағдарламасы бойынша симментал сиырларымен қатар 70 тауарлық малды сатып алдық. Бұдан басқа, қаржыны трактор сатып алуға және мал азығын дайындауға жұмсадық.
Мал басы саны

н көбейтуге және ауылшаруашылық өнімдерді экспорттау көлемін ұлғайтуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несиелер фермерлік шаруашылықтарға береді. Несиенің сомасы — 70 млн. теңгеге дейін, мерзімі — 15 жылға дейін, үстеме (субсидияларды есептегенде) — жылдық 4%, жылдық тиімді үстеме — 4,1% бастап бекітілген.

Сонымен бірге, мемлекет фермерлерге шетелден сатып алынатын әрбір мал басына 225 мың теңге, сондай-ақ, жас малды бордақылау алаңына тапсырғанда — тірі салмақтың әр килограмына 200 теңге көлемінде субсидия төлейді.

Арысланбек Арыстан, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры:
— Батыс Қазақстан облысы бойынша 72 шаруа қожалығы жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге қаржыландырылды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында облысқа екі мыңға жуық ірі қара шетелден әкелініп, 10 мыңнан астам ұсақ мүйізді мал сатып алынады.

Республика бойынша «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» тарапынан 14,1 млрд. теңгеге 627 жоба қаржыландырды. Несиелік қаражат есебінен 22 мың бас ірі қара мал және 70 мыңға жуық ұсақ мүйізді мал басы сатып алынады.