Бордақылаудың бабын біледі

Мұндағы сиырлардың салмағы 500 келіден бастап 1 тоннадан асып жығылады

«Асыл тұқымды ірі қара малды бордақылау технологиясы». Жуырда Түлкібас аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Ақсанат инжиниринг» ЖШС бірлесіп өткізген шаруаларға арналған шеберлік сабақтары осылай аталды.

Жуырда Түлкібас аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Ақсанат инжиниринг» ЖШС бірлесіп өткізген шаруаларға арналған  шеберлік сабақтары осылай аталды
Жуырда Түлкібас аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Ақсанат инжиниринг» ЖШС бірлесіп өткізген шаруаларға арналған шеберлік сабақтары осылай аталды

Шаруалар жиында бордақылаудағы түйткілді мәселелерді ортаға салып, білген-түйгендерімен бөлісті. Шаруа қожалығындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, бордақылау технологиясын тәжірибеде қолданып көрді. Сонымен қатар, сабақ барысында «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруашылықтарды қаржыландыру жолдары да түсіндірілді. Айта кетейік, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ірі қара мал сатып алуға 1 млн теңгеден 8,5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Несиенің мерзіміне келсек, 7 жылға дейін, пайыздық үстемеcі – 6%.

Мұндағы сиырлардың салмағы 500 келіден бастап 1 тоннадан асып жығылады
Мұндағы сиырлардың салмағы 500 келіден бастап 1 тоннадан асып жығылады

Ұйымдастырушылардың шараны өткізу үшін тап осы ауданды, осы мекемені таңдауы бекер емес. Себебі, Түлкібас облыстағы топырағы құнарлы, шөбі шүйгін аудан. Малшаруашылығын дамыту үшін таптырмайтын мекен. Ал «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС екі жылдан бері ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп, асыл тұқымды герефорд және ангус сиырларын бордақылаумен айналысады. Абердин-ангус сиыры етті сиырдың тұқымына жатады. Бұл сиырлар жылдам ет жинап, ашық алаңдарда күтіліп-бапталып, суық ауа райына аса төзімді. Мұндағы сиырлардың салмағы 500 келіден бастап 1 тоннадан асып жығылады. Бұқалардың салмағы 750-1000 келі тартса, 7-8 айлық бұзаулардың салмағы 200 келіге дейін жетеді. Герефорд сиыры – етті сиырдың бір тұқымы. Бұқасының орташа салмағы – 850 келі, сиыр 550-600 келі тартады. Шаруашылық қызметкерлерінің сөзіне сенсек, төлдеген сиырлар 1 айдың көлемінде қайтадан жасанды жолмен ұрықтандырылады екен. Мамандардың есебінше, әрбір сиыр жыл сайын төлдеп отырса, 5 жыл көлемінде мал басын 4-5 есеге көбейтуге мүмкіндік бар.

Әу баста Австралия құрлығынан қожалыққа  400 бас сиыр асып келген болса, бүгінде олардың саны 700-ге жетіп жығылады
Әу баста Австралия құрлығынан қожалыққа 400 бас сиыр асып келген болса, бүгінде олардың саны 700-ге жетіп жығылады

Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық жаңа кәсіпті дөңгелетіп отыр. Әу баста Австралия құрлығынан қожалыққа 400 бас сиыр асып келген болса, бүгінде олардың саны 700-ге жетіп жығылады. Алғашқыда олардың басым көпшілігі ұрғашы сиырлар болған және барлығы да буаз күйінде әкелінген.

Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық жаңа кәсіпті дөңгелетіп отыр
Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық жаңа кәсіпті дөңгелетіп отыр

Мұндағы шаруашылықта жұмыс сапасын реттейтін зертхана бөлімі де заманауи талаптарға сай. Ресей, Қытай елдерінен тапсырыспен алынған қондырғылардың арқасында мамандар мал ұрықтарын сүзгіден өткізіп, өнімділікті арттырып отырады. Қожалықтықтың қора-қопсысы да малға жайлы. Жем-шөп қоры жеткілікті. Оны араластырып, турап, қай азықтың қанша берілуі керектігіне дейін мөлшерлеп отыратын құрылғылар да бар. Серіктестік бүгінде мал басын көбейтіп, жаңадан туылған бұқаларды бордақылап, етін сатып, пайда тауып отыр. Және де мұндағылар асыл тұқымды сиырларды жергілікті ірі-қаралармен будандас­тыруды да жолға қойған. Тіпті кейбір сиырларын қожалық аукцион арқылы да сатылымға шығарыпты. Серіктестіктегілер жыл сайын өздерінің бағу мүмкіндіктерін ескере отырып, сиырларды сатып отырады. Бағасы да қолжетімді. Себебі сатып алушылар шетелден емес, отандық шаруашылықтан сатып алады. Мінеки, осылайша бұл ауданда асыл тұқымды ірі қараның санын арттыру, саланы дамыту ісі табанды жүргізіліп келеді.

Мақпал РЫСБАЕВА

Батыржан ҚАРБОЗОВ
Батыржан ҚАРБОЗОВ

Батыржан ҚАРБОЗОВ, «Ақсанат инжиниринг» асыл тұқымды ірі қара мал өсіру шаруа қожалығының меңгерушісі:

– Қожалық 2011 жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қаражат алып, малдарды ұрықтандыру жұмысын бас-тады. Бұзаулардың алды 1 жаста, ал бұқалар сатылымға шығарылуда. Алдағы уақытта мал басын бір мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін облысымыздағы басқа да қожалықтардағы малдарды асылдандырып, облыстағы мал басын көбейтуге атсалысамыз.

 

 

Сами ШӘКЕНҰЛЫ
Сами ШӘКЕНҰЛЫ

Сами ШӘКЕНҰЛЫ, зертхана меңгерушісі:

– Малдардың қорегіне көп көңіл бөлінеді. Қожалықтың суармалы жер егістіктері бар. Азық сол жерлерден алынады. Қазір малдар – жайлауда. Бізде зертхана жұмысы да қатаң қадағаланып отырады. Сараптама жұмыстары компьютерлендірілген жағдайда іске асырылады. Жетісіне екі рет қолдан ұрықтандыру процесін жүргіземіз. Малдардан 2,5 грамнан бастап 15 грамға дейін ұрықтар алынады. Одан кейін микроскоппен тексеріліп, сапалылары лабораторияға жіберіледі. Одан тоңазытқышта ұстап, ұрықтың тірілігін тексереміз. Содан кейін барып ұрықтар азотта сақталады.