«Сыбаға» бағдарламасының талаптарын өзгерту керек

"Қаз Агро" ҰБХ-і биыл 1 млрд. теңгені несиеге бермек
"Қаз Агро" ҰБХ-і биыл 1 млрд. теңгені несиеге бермек
«Қаз Агро» ҰБХ-і биыл 1 млрд. теңгені несиеге бермек

«Сыбаға» бағдарламасының талаптарын өзгерту керек. Облыстық мәслихаттың депутаты Сәду Бекенов бүгін Елордадан келген қонақтарға осылай деді. «Қаз агро» ұлттық холдингінің өкілдеріне саладағы өзге де проблемаларды ашына айтқан шаруалар істі жүйелі жолға қоймай, нәтиже болмайтынына сенімді.

Мақтаралда «Сыбаға» бағдарламасы іске аспай жатыр. Өйткені, мемлекеттік бағдарламаның ауылдықтар үшін талабы тым күшті. Жайылымдық жеріңіз болмаса, «сыбағаға» сығалауға да құқыңыз жоқ. Аудандықтардың жүгін артқан депутат Сәду Бекенов ортақ отырыста осылай дабыл қақты.

Сәду БЕКЕНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты: «Біздің жеріміздің бәрі суармалы жер. Бізде ешқандай жайылымдық жер жоқ. Сыбағаны алу үшін шаруаның 3,5 гектар жайылымдық жері болу керек. Ал ол жайылымдық жерді қайдан табады. Жоқ жерді. Мен бұл мәселені «Қазагрофинанстың» бастығына да айттым. Ешкім тыңдамайды. Жайылым керек дейді, сиыр жаюға. Сиырды жаймай ақ бағуға болады ғой».

Мәселеге қанықққан «Қаз Агроның» өкілдері түйінді тарқатамыз деп сендірді.

Аман Баққожаев, «Қаз Агро» ҰБХ-нің басқарушы директоры: «Әрине ОҚО-да жер шамалы. Аз. Бірақ сіздердің сол жердегі жем-шөп өнімділігі жоғары болатын болса, ол малға жеткілікті болатын болса, неге талапты азайтпасқа. Әрине азайтуға болады. Бұл мүмкіндікті биыл біз қарап енгізбекшіміз».

«Сыбағаны» енгізудегі кездескен қиындықтың бірі шаруалар мемлекет ұсынған жобаға атсалысқысы келгенімен, кедергілер істің кері кетуіне ықпал етеді дейді. Бірақ бұған дейін белсенді болмаған жергілікті шенеуніктер сауалды өзіміз-ақ шешеміз десті. Ал тағы бір түйін, асылтұқымды мал сатып алуда туындап тұр екен. Мәселен, жоспарлы жоба бойынша Оңтүстік қазақстан шетелден 2 мың бас іріқара алуы қажет болса, соның бүгінге дейін жеткені 700 ғана. Бұл ретте де депутат Сәду Бекенов салмақты ой тастады.

Сәду Бекенов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Әй оның бәрі аурып өліп жатыр. Малдың ұрығын әкеліп, жасауға да болады ғой. Менің түсінігім бойынша малды Германиядан әкел, Америкадан ікел, асылтұқымды малдың ұрығын әкеліп, біздің сиырларды қашыртса, одан да көбейеді. Неге оның бұқасын әкелсіңдер да, ауру қып, өлтіріп құртып жатыр. Меніңше ұрықты әкелу керек. Сөйтіп, сиырды қашырту керек».

Аман Баққожаев, «Қаз Агро» ҰБХ-нің басқарушы директоры: «Қолдан ұрықтандырады да малды жібереді. Бірақ ол дұрыс ұрықтандырылды ма, малдың гинекологиядлық ауруы бар ма, жоқ па, оны ешкім қарамайды. Сөйтіп, осындай қателіктердің негізінде 100 мал басын асылдандырсақ, біз 30-40 пайыз ғана нәтижеге жеткізіп отыр».

Сөйтіп, Қазагролықтар біздің шаруаларды қаржыландыруды 3 есеге дейін көбейтетінін жеткізді. Яғни, былтыр холдингтен 360 млн.теңге несие алынса, биыл оның көлемі 1 млрд-қа жетпек. Айта өтейік, облыста ірілі-ұсақты 70 мың шаруа қожалығы бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HPlU8hwmgsc[/youtube]