Алдағы уақытта Шымкенттен әлемнің алпауыт елдерінің астанасына тікелей ұшатын әуе бағыттары ашылмақ. Ең алғашқы болып Шымкент-Дубай тікелей рейсі іске қосылатын болады.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Shymkent Development 2018» инвестициялық форуымында айтты.

Жаңа жылға қарсы яғни, 29 желтоқсанда араб әуекомпаниясы  «Шымкент — Дубай», «Дубай — Шымкент» бағытын іске қосатын болады.

Қалабасы тұрғындарға жаңа жылды үйде қарсы алып, сосын Дубайға ұшып кетуге болатыны тілге тиек етті. Көпшілікке арман болған қалаға ұшып жету уақыты 3 сағатты ғана құрайды екен.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Алдағы уақытта әлемнің көптеген елдеріне әуе бағыттарын ашуды жоспарлап отырмыз. Шымкент-Қазан, Шымкент-Каунас бағытында да әке бағытын қосуды жоспарлап отырмыз. 2020 жылы заманауи талаптарға жауап беретін халықаралық әуежай ашылатын болады».

Г.Жұмаш