Шымкент-Дубай тікелей ұшақ рейсі ашылды

464
shymkent.gov.kz

28 желтоқсанда Шымкент және Дубай қалалары аралығында тікелей ұшақ қатынай бастады. Екі қаланың арасына әуе кемесі 1 аптада екі рет ұшады. Жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайды. Рейстің ұзақтығы – 3 сағат.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қараша айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте жылдың соңында Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарлаған болатын.

shymkent.gov.kz