Шымкенттен Дубайға ұшақ қатынасы ашылды

451

Енді Дубайға санаулы сағаттарда жете аласыз. 19-қыркүйектен бастап Шымкент-Дубай бағытына тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды.

«Flydubai» әуе компаниясы Шымкент қаласынан Дубайға дейін жаңа рейс ашты. Шымкенттен тікелей Араб Әмірліктеріне қатынайтын ұшақ аптасына 2 рет сапарға шығады. Жаңа әуе кемесін күнгейліктер қуана қарсы алды.

Жанар Тажек, «Flydubai» компаниясының өкілі: «Шымкенттен ұшатын рейстер Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда мен туризмді дамытуға ықпалын тигізеді. Екі бағдарда да бизнес-класс бойынша ұшу қызметі көрсетілетін болады.»

Жаңа бағыт бойынша дүйсенбі және жұма күндері ұшуға болады. «Эконом» санаттағы билеттердің бағасы – 350 доллар, яғни, 72 мың теңгеден басталады. Ал бизнес-санатты билеттің бағасы 1650 доллардан басталады. Алғашқы рейспен 60 адам жолға шықты. Солардың бірі – Бейнегүл Зарипова.

Бейнегүл Зарипова, жолаушы: «Flydubai» әуе компаниясына рахмет. Оңтүстіктің біз сияқты тұрғындарына осындай жағдай жасап, тікелей бағыт ашып бергендері үшін мың алғыс. Дүйсенбі күні ұшып, сол жақтағы жұмыстарымызды асықпай аяқтап, жұма күні қайта оралатынымыз дұрыс болды.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SkHZGgzem4M[/youtube]

Шымкенттен Дубайға Боинг-737 ұшағы қатынайды. Сондай-ақ, Дубай арқылы Үндістан, Оман, Мальдив аралдары, Шри-Ланка мен Қытайға да жетуге болады.