Елбасының арнайы аманатын қала әкімінің өзі табыстады. Жылдағы думаннан ерекше өткен мерекеде Ғабидолла Әбдірахымов келген оқушыларға ізгі тілегін жолдап, би де биледі.
Президент шыршасына жиналған 250-ге жуық жасөспірімнің қуанышында шек жоқ. Олардың басым бөлігі ата-ана қамқорлығынсыз және жартылай жетім қалған жеткіншектер. Айтуынша, берілген сыйлықты үлкендерге табыстап, әдемі киімдер мен ойыншықтар алмақ.
Жасұлан Якуда, Президент шыршасына қатысушы: «Мен бұл елкаға бірінші рет қатысып тұрмын. Маған өте ұнап жатыр. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бізге сыйлықтар беріп жіберіпті. Және 100 мың теңгеге сертификат беріп жіберіпті. Ақшаны мен ата-анама беремін. Ата-анам өзі шешеді қайда жұмсайтынын».
Назерке Үкібасова