Түркістандық отбасы төмен пайыздық несиенің көмегімен бал өндірісін бастады

216

Гүлшад Вафаева жолдасымен бірге омарташылықпен 12 жыл бойы айналысады. 2008 жылы Вафаевтар отбасы Ташкент қаласынан Қазақстанның оңтүстігіне, Сырлыбай ауылына көшіп келді.

«Біздің уйлену тойымыз Шымғанда өтті, Өзбекстанда бұл жер өте танымал, онда көптеген омарташылар жұмыс істейді, – дейді Гүлшад Фархадқызы. – Аралар жылы жерде қоныстанады, олар үшін тау бөктерінің ауа райы өте қолайлы. Біз сол бизнеске қызығып, көптеген кітаптарды оқи бастадық, тәжірибе жинақтап, омарташыларға түрлі сұрақ қойып, ара шаруашылығымен айналысуға кірістік. Міне осылай, майда қадамдап, мақсатымызға жеттік. Бастапқыда бірнеше ара отбасын сатып алып, кейін олардың санын 10, 20 дейін көбейттік.

2008 жылы Қазақстанға көшіп келдік. Араларды бұл жаққа әкеле алмадық, өйткені кедендік жағдайларға байланысты қиындықтар туындады. Сондықтан, отбасылық бизнесті тоқтатуға тура келді.

Ал оңтүстікте орналасып, үй салып, балаларға білім бергеннен кейін жақсы көретін ісімізді қайта жалғастыруымыз керек деп шештік.

Биыл жазда біз «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 3 млн. теңге несие алдық. Бөлінген қаражат есебінен аралармен бірге олардың 100 отбасына арналған 50 екі жанұялық қорап сатып алдық.

Күніне 5-6 сағатқа дейін аралардың арасында боламын. Отбасыларды қалыптастыру, ұяның ішкі құрылымын оңтайландыруды жүргізіп, оларды күнделікті тексеріп тұрамын. Кейде ауылымызға келген азаматтарға шаруашылығымызды көрсетіп, бал өндірісі процессін түсіндіріп, экскурсия өткіземін».

Ара туралы Гүлшадтың әңгімесі, шынымен, қазығушылығыңды қозғайды. Өйткені өзі ара патшалығы құрылысын өте жақсы көреді.

«Аралар – үнемі дамып келетін, қатал ұйымдастырылған, нақты иерархиясы бар қоғам. Олар адамнан гөрі әлдеқайда тамаша: мысалы, бір ара туылып жатқанда, оның өмірдегі миссиясы, міндеті белгілі болады. Аралар ешқашан ұйықтамайды, олар ұшып тұрып өледі. Жұмысшы аралар қырық күн, ал қыстайтын аралар – алты ай бойы өмір сүреді. Ара ұясының анасы – тұқымға байланысты үш-бес жыл өмір сүреді», – дейді ол.
Иә, бұл өте қызықты тәжірибе. Бал өндірісі ауыл шаруашылығы үшін өте пайдалы нәрсе, себебі гүлдеп тұрған өсімдіктер тозаңдырылмаса, өнімділігі төмен болады. Біз аралар санын көбейтуге жұмыс істейміз, олардың табиғи мекендеу жерлерінде.

Әсіресе, солтүстікте олардың саны аз, біз оларға үйшік жасап береміз. Орта есеппен, бір омарташы маусымда бір отбасыдан екі отбасы шығарады. Сондықтан біз өзіміздің бал шаруашылығымызды жүргізіп, республикадағы ауыл шаруашылығы жағдайын жақсартуға көмектесеміз, – дейді ара өсіруші.

Араларды тасымалдау кезінде үйшіктің қақпағы жабылған сияқты көрінді, бірақ ашылып кетіп, бір ара жолдасымды шаққан. Олардың заңы сондай: сізге бір ара тиіссе, ол басқа араларға хабарлайды – бұл жерде қауіп бар. Сөйтіп, басқа аралар да сізді шағуға ұмтылады. Араның уы кобраның уына қарағанда қаттырақ болады. Алайда, егер сіздің аллергияңыз болмаса, бұл өте пайдалы нәрсе. Ол қанды сұйықтатып, метаболизмді жақсартуға көмектеседі. Біз араны жақын арада ғана сатып алдық, сондықтан келешекке деген жоспарларды әлі құрып жатырмыз. Көктемде солтүстік, батыс аймақтарына ара отбасыларын сатамыз деген ой бар. Және өзімізге қосымша 20-30 қорап сатып алуды жоспарлаймыз.