ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойына орай ағымдағы жылдың 4-22 қараша күндері Түркия және Жапония мемлекеттерінде түркі халықтары оркестрінің концерттік бағдарламасы ұйымдастырылғаны белгілі.
Осы орайда, аталған шараға белсене атсалысып, қазақ елінің дархан өнерін паш еткен Түркістан облысының «Қазына» би ансамбліне ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы алғыс айтып, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлына арнайы хат жолдады.
Айта кетсек, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласынан бастау алған шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Якутия, Тыва, Қырғызстан, Башқұртстан, Малдова мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып, өнер көрсетсе, олардың қатарында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті «Елбасы қоры» сыйлығының иегері «Қазына» би ансамблі де бар болатын.
12 мемлекеттен жиналған 30-дан аса өнерпаз Түркияның Стамбул және Жапонияның алты қаласында түркі халықтары биі мен түркі халықтарының халық аспаптарында өнер көрсетіп, шеберлік сабақтарын да ұйымдастырған.