Бүгін кешкілік уақытта «Нұрсәт» шағынауданындағы 23 «а» үйдің 5 – қабатынан 1984 жылғы азаматша өз – өзін лақтырмақшы болған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына шақырту түскен. 937 автоэкипаж қызметкерлері оқиға орнына алғашқы болып жетеді.
Азаматшаның өзіне не үшін қол салмақшы болғаны белгісіз. Тәртіп сақшылары төтеншеліктерді күтпей-ақ өздері тез арада шешім қабылдап, бір адамды ажал аузыан құтқарып қалды.
Ернар Балабеков