inform.kz

Кесте бойынша Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұзарды, 2019 жылдың қаңтарынан бастап оның деңгейі 59 жасқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әйелдер зейнетке 58 жаста шығатын. 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасы жыл сайын алты айға ұзарып отырады. Нәтижесінде, 2027 жылдан бастап әйелдер де ер адамдармен қатар 63 жаста зейнеткерлікке шығатын болады.