Шымкентте «Мен кәсіпкер» жобасы басталды

89

Шымкентте «Мен кәсіпкер» жобасы аясында 700-ге жуық әйелге қызмет көрсетіледі. Оларға 7 бағыт бойынша бағдар беріледі.

Оның ішіне кеңестер беру, кәсіптік және бизнес-оқыту, тәлімгерлік, қаржылық сауаттылыққа оқыту кіреді.

Сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу қызметі, бизнес-шолу жүргізу және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша қызмет көрсетіледі. Кәсіпкерлерге 3 айлық сүйемелдеу жұмысы жүргізіледі.