Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында дәрігерлер 130 бүйрек және 18 бауыр алмастыру отасын сәтті жасап шыққан.
Ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Жүзден аса азаматқа жаңа өмір сыйлаған ақ халаттылар шет елдік азаматтарғада транспланталогиялық операция жасаған. Нақтырақ айтқанда, №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жасалған.
Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілген. Күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мади Бигалиевтің жетекшілігімен жүргізіледі.