Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушевтің қатысуымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, қалалық білім басқармасының өкілдері, колледж, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Республикалық жобалық кеңсенің басшысы білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жобалық кеңсенің жұмыстары туралы әңгімеледі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез-келген алым-салымға жол бермеу туралы ескертті.
Кездесу барысында мектептер мен балабақшаларда алым-салым мәселесін шешу үшін толық қаржы есебін міндетті түрде жариялау ұсынылды.
Сонымен қатар, спикер колледждер мен мектептердің интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақ-жауаптар» айдарын ашуды ұсынды.
Жиында сөз алған Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов «Балаларға жемқорлықтың зияны туралы мектеп кезден айту керек, өйткені жастайынан заңсыз әрекеттер жайлы білген бала ертең қылмысқа бармайды» деді.
Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлық деректері бойынша Агенттіктің 1424 Call-орталығы, сонымен қатар, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Департаменттің memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары ашылып, +7 702 201 51 51 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер жұмыс жасайтындығы хабарланды.